Қылмыстық іс жүргізу заңнамасын қолдану мәселелері тақырыбына семинар өтті        Қылмыстық істерді қарауға маманданған судьяларға арнап Ақмола облыстық соты өткізген семинар «Қылмыстық іс жүргізу заңнамасын қолдану мәселелері» деп аталды. Семинарға облыстық соттың судьялары, аудандық және оларға теңестірілген соттардың және Ақмола облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының судьялары қатысты.Сот органдары мен мемлекеттік мекемелердің іс жүргізу өндірісінде мемлекеттік тілдің қолданылуы       Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында осы тақырыпта кезекті дөңгелек үстел  өткізілді. Дөңгелек үстелге қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьялары  және сот мамандары қатысты.Апелляциялық сот алқасы өз қаулысымен аудандық соттың шешімін өзгертті        Ақмола облыстық сотының апелляциялық сот алқасы азаматша Д-ға қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 176-бабының 2-тармағы «б,г» тармақшасы мен 3-тармағы «б» тармақшасында көзделген қылмысты жасады деген айыппен қылмыстық істі қарады. Іс Шортанды аудандық сотының шешіміне сотталушының және оның қорғаушысының апелляциялық шағымы ал  прокурордың апелляциялық наразылығы бойынша түскен болатын.Ұсақ бұзақылық туралы әкімшілік құқық бұзушылық істерді қарау туралы                                                                                            2012 жылдың өткен айларында Бурабай ауданының мамандандырылған әкімшілік сотында ұсақ бұзақылық туралы әкімшілік құқықбұзушылық туралы істер бойынша (ҚР ӘҚБТ К 330 бабы бойынша) 23 әкімшілік іс қаралып, 21 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған және 2 тұлғаға қатысты іс құқықбұзушылық құрамының болмауына және уақытының ескіруіне байланысты қысқартылған.

Сот залынан

-------------
Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты жеке кәсіпкердің Ерейментау аудандық салық басқармасына 45 360 теңге соммасында салық қарызын өтеу туралы хабарламасын жоққа шығару туралы талабын қанағаттандырды. Өтініш иесі өзінің талабын «Астори» кешенінің қабырғасында ілулі тұрған баннер сыртқы жарнаманың түріне жатпайтындығын айтып негіздеді. Сотпен «Астори» кешенді ресторанының ғимаратындағы баннерлер тұтынушыларды ақпараттандыру үшін арналған екендігі белгілі болды. Қабырғалардағы ақпарат түрін ұсыну қызметін көрсетушінің міндеті ҚР «Тұтынушылар құқығын қорғау туралы» Заңының 25-бабының 1- тармағында көрсетілген. ҚР «Жарнама туралы» Заңының 3-бабының 8- тармақшасында тұтынушыға таныстыру мақсатында ілінген ақпарат жарнама болып есептелмейді, ол ақпарат болып саналады делінген. Сот салық қарызын өтеу туралы хабарламаны заңсыз деп таныды.
-----------
Ақмола облысы Жарқайың аудандық сотында 18 жасқа толмаған тұлғаға темекі өнімдерін, 21 жасқа толмағанға алкоголдьдік өнім сатқаны үшін қозғалған әкімшілік іс қаралды. 2012 жылдың 17 сәуірінде Жарқайың ауданы Зерноградское ауылында азамат В., кәмелет жасына толмаған тұлғаға бір бөтелке сыра мен шылым сатқан. Сөйтіп ҚР ӘҚБК 114-бабының 1-тармағын, 163-4-бабының 1-тармағын бұзған. Сотпен азамат В-ға әр құқықбұзушылық әрекеті үшін 5 МРП көлемінде айыппұл салу жазасы тағайындалды.
----------
------------------
14.02.2012 жылы азамат Л. өзінің үйінде арақ ішіп алып әйелін балағаттап мазасын алған. Күйеуінің осы қылығына ашынған әйел Көкшетау қаласының ІІБ кезекші бөліміне хабарласқан. ӘҚбт ҚРК 79-5 бабының 1-тармағында «Құқық бұзушымен отбасы тұрмыстық қарым-қатынастағы азаматтарға сыйламаушылық көрсетіліп, былапыт сөйлеу, қорлап тиісту, кемсіту, үй заттарына зақым келтіру және жеке тұрғын үй немесе пәтер шегінде жасалған олардың тыныштығын бұзатын басқа да әрекеттер, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жаза қолданатын әрекет белгілері болмаса,- айлық есептік көрсеткіштің бірден үшке дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады» делінген. 23 ақпанда осы істі қараған әкімшілік сот азамат Л-ны 10 сөткеге қамау туралы қаулы шығарды.
---------------------------------
---------------------------------
Ақмола облысы Жарқайың аудандық соты 2012 жылдың 07 ақпанында ҚР ҚК 178-бабы 2-бөлімі «А» тармағында көзделген қылмыстық істі жасады деген айыппен азамат П-ға қатысты қылмыстық істі қарады. Азамат П., өзінің танысы Н-дан күшінің басымырақ екенін біліп оған қоқан-лоқы көрсетіп ашықтан-ашық әрбірінің құны 25 мың теңге тұратын екі бас қойды тартып алған. Алған қойларын өзінің көлігінің артқы жүк салғышына салып алып оқиға болған жерден тайып отырған. Сөйтіп азамат П., өзінің осы әрекетімен жәбірленушіге 50 000 теңге шығындық нұқсан келтірген. Сотта сотталушы өзінің кінәсін толық мойындап, оны бостандығынан айырмауды өтінді. Мемлекеттік айыптаушы оған ұсынған айыпты толығымен қолдап, төрт жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Бірақ сот барлық жеңілдететін жағдайларды яғни жұмыс орнынан және тұратын жерінен берілген жағымды мінездемені, бұрын істі болмағанын, өзінің кінәсін толық мойындап, істеген ісіне өкінетіндігін, шығындық нұқсанды орнына толтыруға дайын екендігін ескеріп, отбасының асыраушысы азамат П-ны ҚР ҚК 178-бабы 2-бөлімі «А» тармағының санкциясына сәйкес үш жылға бостандығынан шектеу жазасын белгіледі. Осы іс бойынша үкім заңды күшіне еніп, орындауға жіберілді.
---------------------------------
Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында есірткіні өткізгені үшін И.Клименкоға қатысты қылмыстық іс қаралды. Жедел іс шаралар өткізу барысында Клименко ұсталды. Сот үкімімен сотталушы Клименко И. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі 259-бабының 3-бөлімінің «б» тармағы бойынша сотталып, қатаң режимдегі түзеу колониясында мүлкі тәркіленіп, 10 жылға бас бостандығынан айрылу жазасына тартылды.

Басты бет

ҚҰРМЕТТІ ҚАУЫМ!

Біз Сіздерді Ақмола облыстық сотының ресми сайтында қарсы алуға қуаныштымыз !

Қазақстан Республикасы сот органдары қызметінде демократия үрдісін жоғарылатып, олардың барынша ашықтығын, қабылдаған шешімдердің жариялылығын арттырып, сот пен БАҚ арасында ақпарат алмасудың шынайы әрі уақтылы жүзеге асуын қамтамасыз ету шеңберінде Ақмола облыстық соты дүниежүзілік интернет желісінде өзінің ресми Веб-сайтын ашты.

Ақмола өңіріндегі сот төрелігінің тарихы, тарихи мағлұмат беретін галерея, кәсіби суреттермен қамтылған өткізілген шаралар туралы мәліметтер мен жаңалықтар, облыс соттырының құрылымы, ақпарат алмасуға арналған телефондар мен электрондық пошта мекен-жайлары www.akmolasud.kz сайтында көрсетілген.

Сайтқа келушілер тарапынан туындайтын сұрақтар, арыз шағымдар электрондық түрде қабылданып, оларға облыстық сот тарапынан жауап беріледі.

«Электрондық үкімет» идеясын жүзеге асыру барысында жасалып отырған алғы қадам болып саналатын бұл сайт келушілердің, республика азаматтарының, облыс тұрғындарының игілігіне жарап, сот жүйесі өкілдерін, БАҚ, мемлекеттік және құқық қорғау органдарын облыс соттарының қызметі туралы объективті ақпаратпен қамтамасыз етуде тамаша демеу болатынына сенімдіміз !


Құрметпен,
төраға А. Ештай

АНОНС

БІЗДІҢ ЖАНАЛЫҚТАР

18.05.2012

Қылмыстық іс жүргізу заңнамасын қолдану мәселелері
тақырыбына семинар өтті

 

     Қылмыстық істерді қарауға маманданған судьяларға арнап Ақмола облыстық соты өткізген семинар «Қылмыстық іс жүргізу заңнамасын қолдану мәселелері» деп аталды. Семинарға облыстық соттың судьялары, аудандық және оларға теңестірілген соттардың және Ақмола облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының судьялары қатысты.

18.05.2012

Сот органдары мен мемлекеттік мекемелердің іс жүргізу өндірісінде
мемлекеттік тілдің қолданылуы

 

    Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында осы тақырыпта кезекті дөңгелек үстел  өткізілді. Дөңгелек үстелге қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьялары  және сот мамандары қатысты.

16.05.2012

Апелляциялық сот алқасы өз қаулысымен
аудандық соттың шешімін өзгертті

 

     Ақмола облыстық сотының апелляциялық сот алқасы азаматша Д-ға қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 176-бабының 2-тармағы «б,г» тармақшасы мен 3-тармағы «б» тармақшасында көзделген қылмысты жасады деген айыппен қылмыстық істі қарады. Іс Шортанды аудандық сотының шешіміне сотталушының және оның қорғаушысының апелляциялық шағымы ал  прокурордың апелляциялық наразылығы бойынша түскен болатын.

16.05.2012

Ұсақ бұзақылық туралы
әкімшілік құқық бұзушылық істерді қарау туралы

                                                                                 

         2012 жылдың өткен айларында Бурабай ауданының мамандандырылған әкімшілік сотында ұсақ бұзақылық туралы әкімшілік құқықбұзушылық туралы істер бойынша (ҚР ӘҚБТ К 330 бабы бойынша) 23 әкімшілік іс қаралып, 21 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған және 2 тұлғаға қатысты іс құқықбұзушылық құрамының болмауына және уақытының ескіруіне байланысты қысқартылған.

16.05.2012

Аудандық соттың бір күні

                   

      Ақмола облысының Қорғалжын аудандық сотында өткен Ашық есік күніне аталмыш ауданға қарасты ауылдар мен аудан орталығының тұрғындары, Қорғалжын мектеп-гимназиясының, Дружба орта мектебінің мұғалімдері, оқушылары және БАҚ өкілдері қатысты.